2020 жылдың 22 қаңтар күні «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Оқушылар «Бейнелеушілер», «Білгірлер бәйгесі», «Жас қаламгер», «Сөз шеберлері», «Әнші – бұлбұлдар» номинациялары бойынша бақ сынасты. Біздің мектебіміздің оқушылары осы сайыста жақсы білімдері мен өнерлерін көрсете білді.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Әрдайым биік белестер мен шыңдардан көріне беріңдер! Мұғалімдерге мықты денсаулық, жұмыста табыс тілейміз!