Бүгін «Дарын» мектеп-лицейі» КММ қабырғасында «Әлем мойындағын Абай» атты салтанатты линейке өтті. Іс-шарада оқушылар Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мемлекеттік тілде жатқа мәнерлеп оқыды, әндерін шырқады. Шара соңында мектеп директоры Күлзағира Бикенқызы қалалық, облыстық байқауларда үздік болып орын алған оқушыларды
марапаттады.