Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Әскери кәсіптік бағдар"

Ақпанның 6 –сы күні мектепте әскери кәсіптік бағдар жұмысы өткізілді,

әскери оқу орындарына түсуге хасихат жұмысы өтті. СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданың әскери бөлім бастығы подполковник Тоқсанбаев келді
Оқушыларға еліміздің барлық өңіріндегі әскери оқу орындарымен жекелей таныстырылды. Жалпы кәсіптік бағдарлау жұмысымен 9,10,11 сынып оқушылары арасында жүргізілді.
Бүгінгі таңда қорғаныс саласына қажетті әскери мамандарды оқытатын бірнеше негізгі әскери институт бар. Олар: Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты және шет мемлекеттерде қыз балаларға арналған медициналық әскери оқу орындары таныстырылды
Оқушыларға әскери оқу орындарына түсу талаптары түсіндірілді. Оның ішінде ҰБТ тапсыру баллы, медициналық анықтама, психологиялық тест алынатыны жайлы және дене тәрбиесі мықтылығын тексерілетіндігі айтылды.

АӘД оқытушысы :Жабагин Т.Е


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено