Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Басқару мен көшбасшылық» коучинг

«Басқару мен көшбасшылық» коучинг

Жалпы мақсаты: көшбасшы, көшбасшылық туралы ұғымын кеңейту, көшбасшылық қасиеттерін аша білу, бүгінгі қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу.

Күтілетін нәтиже: тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып, мұғалімдер әріптестері арасында педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық ұғымы жөнінде ақпаратпен алмасып, оқытушы көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Ресурстар: Маркер, А3, А4 парақтар, стикерлер,желім,қайшы,бейнежазбалар

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері: 1. Психологиялық ахуал;

2. Бейнебаян көрсету. Сұрақ? Бейнбаянда сіздер нeні бaйқaдыңыздaр? т.б.

Бейнебаянда тамашалағаныңыздай бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылады деп ойлайсыздар?

3. Құрметті әріптестер, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Осы сұрақтарды топта талқылап, постер дайындап, ортаға келіп қорғауыңыз қажет.

Сұрақтар:

1.Көшбасшы деген кім?

2.Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

3.Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай?

4.Ең алдымен көшбасшының тұлғалық қасиетін, содан соң оқытушының кәсіби қасиеттерін ретпенен жазыңыз?

5.Өзіңізді ұжымыңызда көшбасшымын деп сезінесіз бе?

6.Егер сіз көшбасшы оқытушы болсаңыз мұғалім мансабын қалай көтерер едіңіз?

7.Мұғалім ұжымындағы көшбасшылық іс-әрекетінде кездесетін қандай кедергілер бар?

8.Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде дегенді қалай түсінесіздер?

9.Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында сіздің көшбасшы ретінде ұсынысыңыз?…

10.Көшбасшы ретінде мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін не істер едіңіз?…

11.Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан қолдау қажет деген пікірге қалай қарайсыз?

12.Көшбасшы оқытушыға өз тарапыңыздан қандай көмек көрсетер едіңіз?

4. Постер құру, қорғау.

5. Рефлексия.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено