Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласында 9-ақпан күні «№30 мектеп-гимназия директоры С.Азимханованың кубогына» қазақ күресінен турнир өтті. 🏆Жалпыкомандалық нәтижеде мектебіміз жүлделі бірінші🥇 орынды иеленді. Тренер Бахытжанов Жанболат Кайрбулатович. Қатысушыларды және тренерлерді еңбектерінің бағалануымен құттықтаймыз.
Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып Қазақстанды дүниежүзілік ойындарда көрсетіп, еңбектеріңіз бағалансын!