Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Үлкендердің үндестігі: Лермонтов, Абай, Байрон» әдеби кеш

3 ақпаннан 7 ақпан аралығында біздің мектепте  ағылшын тілі апталығы өтті.  Аптаның қорытындысында «Үлкендердің үндестігі: Лермонтов, Абай, Байрон» әдеби кеші өтті.

Қатысушылар  әлемдік әдебиеттің  данышпандарымен танысты:  Абаймен,  Лермонтовпен,   Байронмен. Олардың әрбіреуі  өз туындыларында сол кезеңнің адамдары қалай өмір сүргендерін  бейнелеген.

Іс-шара  жеңіл әнмен басталды, қос жұптар вальс биледі. Жүргізушілер  М.Ю.Лермонтовтың,  Абай Құнанбаевтың, Дж.Г.Байронның өмірлері және шығармашылығы, әдеби мұраға деген қөзқарастары жайлы  айтты.

Жүргізушілер ұлы ақындардың әдеби шығармашылықтары  жайлы айтып берді: Абайдың,  Лермонтовтың,  Байронның.  Оқушылар  үш тілде: қазақша, орысша,  ағылшын  тілінде ақындардың өлеңдерін оқыды.   Бұл ұлы адамдар  біздің жүрегімізде  мәңгі ұмытылмай қалады.   Абай олардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Абай Құнанбаев арқылы  қазақ  халқы  осы ұлы ақындардың  шығармашылығымен  танысқан.

Әдеби кеште слайдтар және бейне роликтер қосымша көрсетілді.

Мектеп кітапханашысы кітаптар көрмесін ұсынды: «Ұлылардың үндестігі: Лермонтов, Абай, Байрон».  Көрмеде  Абайдың,  М.Ю.Лермонтовтың,  Дж.Байронның туындылары,   Абайдың,  М.Ю.Лермонтовтың, Дж.Г.Байронның  шығармашылығы және өмірі бойынша әдебиеттануды зерттеу, ақындардың  аударма қызметтері ұсынылды.

Кештің қорытындысында  оқушы Абай   Құнанбаев жазған  «Көзімнің қарасы» атты қазақша  әнді орындап  берді.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено