Бүгін "Бәйтерек" шаңырағында "Мамандық әлемінде" тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілері Касимова Р.Б. және Аубакиров Д.Р. балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, 4-9 сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдауына ықпал ететіндей ұйымдастыра білді. Сабақ барысында балаларды жаңа мамандық түрлерімен таныстырып қана қоймай, өз бойындағы қасиеттері қай мамандыққа бейім екенін түсінуіне ықпал ете білді. Өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастыра білген ұстаздарға алғыс айтамыз.