Үлкен іс- шара «Патриоттық , адамгершілік , қайырымдылық»
11 ақпан күні Болашақты жасайтын ертеңгі азаматтар - бүгінгі жас ұрпақ, оларды тәрбиелеу мақсатымен Өзін-өзітану пәнінің мұғалімі Зулкарнаева Н А үлкен іс- шара «Патриоттық , адамгершілік , қайырымдылық» деген тақырыпта дебат өткізді. Шараға 9а – 10а сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға видиоролик көрсетілді. Әр оқушы өзінің ойын айтып кетті.«Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деген екен данышпан Әл-Фараби бабамыз .Жас ұрпаққа тәрбие берудің ең бір қажеттісі, мол тәрбиенің түрі, бұл – патриоттық тәрбие.Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін оқу- тәрбие процесінде адамгершілік танымдық,ұлттық, әлемдік салауатты өмір салтын, дүниетанымдық бағыттағы мәдениеттерді дамытуымыз керектігін айтып кетті.Отбасындағы адамгершілік-патриоттық тәрбие. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққаадамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттергеие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туғанкезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілікқұнды қасиеттерді сіңіру керек. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік білім беру мекемесі. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жасұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күнсайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.