Кеш қонағы болған Абайтанушы ақын елордадағы "Абай орталығы" мұражайының негізін қалаушы Алмахан Мұхаметқалиқызы оқушылардың ынта - жігері мен дебиетке деген сүйіспеншілігіне риза болып алғысын білдірді. Сахна т өріне Абай атасының жолын қуған жас қаламгерлер өз шығармашылығын тарту етсе, бірі домбырамен күмбірлете күй тартып жатты. Ұстаздар да қалыс қалмай қара сөздер оқып, өлеңдерін жатқа айтуда алдына жан салмады. Ән төгіле өлең сөздері бойлай сахна төрін кең жайлауға айналдырғандай болды. 2 сағатқа жуық Абай Құнанбайұлының шығармашлығы кеңінен насихатталғандай болды