"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің өткізілу мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына адами құндылықтырды сіңіре отырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның еңбегі, қызметі туралы ақпарат беру."Сүйіспеншілік танытуда, жақсылық жасауда батыл болыңдар! Қиындықтарға қарамастан, бейсаналы "қаламаймын" және "қолымнан келмейді" деген кертартпаларға қарамастан өз бойларыңдағы жасампаз Сүйіспеншілікті жарыққа шығаруға тырысыңдар". С.А.Назарбаева