Ақпан айының 3-12 аралығында С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы»» атты республикалық онкүндігі өтті. Мақсаты: Өзін-өзі тану пәні авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу. онкүндік аясында мынадаы іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асты: - «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы»» атты республикалық онкүндіктің мектепішілік салтанатты ашылуға арналған сап түзеу болды. Алда орындалатын іс-шараларға сәттілік тілеп, жылы көңіл-күймен онкүндік басталды. - "Мейірім төгетін ана" кітаптар көрмесі; -"Жылжымалы қайырымдылық шеруі" атты мейірімділік акциясы; -"Қайырымдылық-жер бетінде" флешмоб; -"Руханилық мөлдір бұлағы" атты қолбұйымдар,суреттер мен эсселер байқауы; - "Мейірімге толы жүрек" мәнерлеп оқу; -Дебат (Еркін тақырып): патриоттық, адамгершілік туралы; - "Ән -көңілдің ажары" байқауы; -"Сүйіспеншілікпен өмір сүру" әлеуметтік жобалар презентациясы; -"Сүйіспеншілік - өмір негізі" ашық сабақтар