5-8 сыныптар үшін Мухамедьяров Д.Б. және Нуржанова М.К. "Зиянды әдеттен аулақ бол!" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Балалар зиянды әдеттер жайында фильм көріп, сауалнамаларға жауап беріп, жағдаяттарды шешіп,өз ой-пікірлерін ортаға салды. Әр топ салауатты өмір салтын насихаттайтын жарнамалар жасағанда, адамгершілігі мол,дүниетанымы терең, білімді жастар болатынын айтты. Тәжірибелі ұстаздардың жаңа форматта өткізген бұл сабағы өте жақсы әсер қалдырды.