Новоишим қазақ мектебінде 2020 жылдың 15 қаңтардан бастап 15 ақпанға дейін "Қауіпсіз мектеп автобусы" атты республикалық акциясы ұйымдастырылуда. Мектептің бірінші қабатында "Қауіпсіз мектеп автобусы" акциясы бойынша ақпараттық стенд бұрышы ілінді. Әлеуметтік ұстаздың ұйымдастырылуымен 5-8 сыныптар арасында "Жолда жүру ережесі" бойынша бейнероликтер көрсетілді. 0-6 сыныптар арасында аға тәлімгердің ұйымдастырылуымен "жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" тақырыбында Жас Ұлан ұйымы флеш-моб өткізді.