Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Абайдың қара сөздері»

2020 жылдың 12 ақпан күні Новоишим қазақ орта мектебінің кітапханасында Ресурс орталығы балаларына арналған «Абайдың қара сөздері» тақырыбында кітапханалық сағат өтті.

Іс-шара барысында  ресурстық орталықтың 18 оқушысы Абай Құнанбайұлы туралы қысқаша мәлімет алып, қара сөздердің мазмұнын,  тәрбиелік мәнін ұғып, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңіліп, ақыл кеңестер алды. 

Абай Құнанбайұлының Алтыншы қара сөзі терең талқылауға алынды. Абайдың нақыл сөздерін жалғастыру мақсатында  «Ойлан тап» атты ойын өткізілді. Шұқыркөл мектебінің 8 сынып оқушысы Гианатов Аңсар   ақынның «Қыс»,  «Жазғытұры», «Күз» өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп оқыды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено