Бүгін С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда "Дарын" мектеп-лицей оқушыларымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жоспардан тыс ұйымдастырылған "Бес асық" ұлттық ойын түрінен жолдастық кездесу өтті. Лицей және гимназия оқушылары өзара тәжірибе алмасты. Алдағы болатын қалалық жарысқа дайындықтарын шыңдады.