Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ауғанның асуында от кешкендер»

Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31жыл толуына орай,ақпаның 11-і күні «Горное негізгі мектебі»КММ-де Ауған соғысы  ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Болашақ ұрпақ  еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы  борыштарын  адал  атқарған  азаматтар деп құрмет тұтады,олардан үлгі өнеге алады.Бұл кешімізге ауыр аманат арқалап,өмір мен өлім белдескен  қанды  шайқасқа  қатысып,батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман, ауған жерінде интернационалдық парызын өтеген біздің жерлестеріміз–Мусин Сайран Шәріпұлы мен  Жантуғанов Серкелбай Төлемісұлы шақырылды.Кездесу  барысында  мектеп оқушылары  өздерінің дайындаған  арнау жырларын оқып,өнерлерін ортаға салып,көкейлерінде жүрген  сұрақтарын қойып, ардагерлердің  сұрапыл соғыс  жайлы  естеліктерін тыңдады.Өмірлерінің  өлшеулі  бір  бөлігін оқ пен от астында өткізіп,елге аман-есен оралған ардагерлермен кездесіп,бүгінгідей сұхбат жүргізіп естеліктерін тыңдау – оқушылар үшін бір тамаша  сәт болды.Кеш соңында оқушылар ардагерлерді құттықтай отыра, қатарлары сиремей,елдің рухын көтеріп, жылдан-жылға аман-есен жүре берулеріне игі тілектерін білдіріп, шығарып салды. Осындай кездесулердің болашақ ұрпаққаберер тәрбиесі – тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерен ерліктерін үлгі ете отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулитыны анық. Осы болашақ жастарымыз тыныш елде өмір сүріп,келешектері жарқын болып, еліміздің белді-белді азаматтары болсын!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено