Әкелер қауымдастығы, "Еріктілер" тобы болып мектеп алаңының қарын күреп шықты.
Бүгін 15 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы №57 орта мектебінде "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей ер азаматтарымызбен Әкелер қауымдастығы, "Еріктілер" тобы болып мектеп алаңының қарын күреп шықты. Жұмыстың аяғында қамқоршылық кеңестің құрамындағы аналарымыз ыстық шәй ұйымдастырып, алғыстарын білдірді.