Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ауғанның от-жалыны» атты Ауған соғысының ардагерімен кездесу-кеші

14.02.2020 ж. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған «Ауғанның от-жалыны» атты Ауған соғысының ардагерімен кездесу-кеші өтті.
Ауған соғысының ардагері, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз - Касимов Есмурат Тайкенұлы кезесу кешінің қадірлі қонағы болды. Кездесу барысында оқушыларға Ауған соғысы туралы мәлімет берілді., бейнеролик көрсетілді, 8 сынып оқушысы Болат Томирис «Бір бала » және 2 сынып оқушысы Мұрат Нұрхан « Ақ сиса » Жаяу Мұса әндерін орындады. 5 орыс сыныбы мен 8 сынып оқушылары жауынгер ағаларына арнап өлең шумақтарын айтты. Ардагер Касимов Есмурат ағамызға шағын сыйлық беріліп, оқушылармен бірге естелікке фотосуретке түсті.
Өткізгендер: АӘД пәнінің оқытушысы Мажитов Н.М., аға тәлімгер Ильяшева А.С., кітапханашы Омарова Г.Б.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено