Сайыста оқушылар ақынның өлеңдерін орыс және қазақ тілінде оқыды
Дубровное орта мектебінде «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыста оқушылар ақынның өлеңдерін орыс және қазақ тілінде оқыды. Өткізілген сайыстың мақсаты - Абайдың мол мұрасын жаңғырта отырып, өлмес ғибратының өміршеңдігін насихаттау.