Ағымдағы жылдың 25-ақпан күні №30 мектеп-гимназиясында Абайдың 175 жылдығына орай «Абай және қазіргі заман» тақырыбында 10 «А» сынып оқушыларының қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
«Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау.
Ғылыми-семинарға ЕАГИ, қазақ және орыс филологиясы кафедрасы, ф.ғ.к., доценті Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Әлімбаев Аслан Есімханұлы; А.Құнанбайұлы атындағы №87МГ «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының жетекшісі, п.ғ.м Бәшіров Нұрбол Қасқырбайұлы қатысты.
Ғылыми семинарда Эдвард де Боно әзірлеген «Ойлаудың алты қалпағы» (ағыл. «SixThinkingHats») ең танымал ойлау әдістерінің бірі қолданылып, ақынның қарасөздері мен өлеңдеріне талдау жасалды. Алты қалпақ әдісі жеке және ұжымдық кез-келген ақылмен жұмыс жасауға және әлдеқайда тиімді етуге мүмкіндік берді.
Модератор: Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Рақымберлі Парасат Мағауияқызы.