Директордың тікелей кеңесшісі болғысы келетін оқушылармен кездесу
2020 жылдың ақпан айының 7-сі күні мектебімізде оқушылардың арасында директордың тікелей кеңесшісі болғысы келетін оқушылармен кездесу болып өтті. Олар 10 сынып оқушысы Ахметова Рамина. 9 сынып оқушысы Есламбек Аяна. 8 сынып оқушысы Әділхан Рамазан. Кездесудің мақсаты мектептегі оқушылармен бірлескен жұмысты жүзеге асыру. Кеңесшілердің міндеттері: Жоспарлауға қатысуға; Оқушылармен бірлеске жобаларды жүзеге асыруға; Педагогикалық кеңес, жиналысқа қатысуға; Жас ұлан ұйымына көмектесуге; Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау үшін кеңесшілер әр аптаның жұма күні директормен кездесіп отыруды белгіледі.