Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні "Еріктілер" жылының ашылу рәсімінде еріктілер атынан мектеп Президенті Мухамеджарова Томирис сөз сөйледі. Еріктілер қатарына енген жастарды қолдап, болашақта үлкен биіктерден көрінулерін тіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет. Бұл – азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі»-деп атап өткен болатын. Ағымдағы жыл еріктілерге серпін беріп, жауапкершілік жүктері сөзсіз.