Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз-Абай Құнанбайұлы халықты өнер-білімге шақырып, мыңмен жалғыз алысып, надандықпен күрескені баршамызға аян. Егер біз Абай тәлімін оқып, түсініп, сол жолмен жүрер болсақ, ақын өзі айтқандай дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық. Сонымен қатар Абай атаның нақыл сөздерін, өлең жырларын ұрпақтары қалай оқып, меңгеріп жатқаны бүгінгі күні бізге айдан анық. Оның дәлелі 15-25 ақпан айында өткен "Кемел" өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Өлең сөздің патшасы" атты мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері арасында, мәнерлеп оқудан өткен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ байқауға қатысып, ерекше өнер көрсеткен ЕРБУЛАН САНЖАР ll ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды. Сондай-ақ байқауға талантты шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпен Жармухамбетова Асем Абулкасымовна марапатталды.