Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Жастар бастамалар орталығынын ұйымдастыруымен Еріктілер жылына арналған аудан әкімінің орынбасары А. Жауарованың қатысуымен "Біз біргеміз" ұранымен форум өтті. Шараға жас мамандар, студенттер, жоғары сынып оқушылары, округтен делегаттар және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еріктілер клубының жетекшісі Лилия Гизатуллина қатысты. Кішкенекөл № 2 ішінара интернатты орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Руслан Хайргельдинов тамыз айына жоспарланған Қызыл Обада жүргізілетін қазба-жұмыстары жайлы мәлімет айтып берді, еріктілерді осы жобаға қатысуға шақырды. Сондай-ақ 10 сынып оқушысы Мухамеджарова Томирис жастар атынын сөз сөйледі.Форум мерекелік концертпен аяқталды.