Нұр –Сұлтан қаласы әкімдігі «№ 45 орта мектеп» КММ 2020ж 1 қыркүйек күні өткен сынып сағаты
Нұр –Сұлтан қаласы әкімдігі «№ 45 орта мектеп» КММ 2020ж 1 қыркүйек күні өткен «Абай - дара, Абай - дана» сынып сағаты
2020 жылдың алғашқы қоңырауы да соғылды. Балалар, жас бүлдіршіндер мектепке жылдағыдай лег-легімен келе алмады.
Еліміздегі жасалынған шектеу тәртібін сақтай отырып, екі ауысымға 5 кезекші сыныптар ғана шақырылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бірінші сынып оқушыларын мектеп директоры Джарылкапова Гүлназ Молдахановна өзі қарсы алып, игі тілегін білдірді.
Мед қызметкер Сайран С. оқушыларға дизенфекциялық құрылғы арқылы сақтандыру шараларын жасап, дене қызуын тексерістен өткізді. Әр оқу кабинетіне 15 оқушыдан орналастырып, Білім күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Басқа сыныптарға арналған сынып сағаты қашықтан өткізілді.