Балалар назарына!
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Міне, осы мақсатта біздің кешенде бүгін "Байқоныр" ауданы полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПБ-нін аға инспекторы полиция майоры А. Қ. Ибраевамен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтірді.


