Меню KDT

Новости

Главная Новости

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесіне арналған сынып сағаттарының ЕСЕБІ

Ақсу негізгі мектебінде

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесіне арналған сынып сағаттарының

ЕСЕБІ

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесіне арналған сынып сағаттары өткізілді. 2-4 сынып оқушылары «Абай – дана, Абай - дара» деген тақырыппен сынып сағатын өткізді. Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен мысалдары жайлы талқыланды. Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы видео материал көрсетілді. 2 сыныпқа Ракишева Әйгерім, 4 сыныпқа Қоқашева Алуа жауапты болды.

5-7 сыныптар аралығында «Әбу-Насыр Әл - фараби» деген тақырыппен сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында Әл фарабидің барлық еңбектеріне тоқталып өтті, өмірі жайлы қысқаша видео материал көрсетілді.  Сынып жетекшілері оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар алды.

8-9 сынып оқушыларына «Конституция кемелдік кепілі» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. ҚР Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына орай, оқушыларға Жанар Амангельдиновна шағын баяндама оқыды. Соңынан оқушыларға сұрақтар қойып, оқушылардың ойларын толықтырды.                          

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено