Бекітемін: Нургалиева Ж.Е
мектеп директоры
«Отбасы- бақыт мекені» атты отбасы мемлекетін қорғауға арналған апталықтың жоспары
07-11 қыркүйек 2020 жыл
№ п\п | Іс-шараның атауы | Ссылка | Мерзімі | Жауапты |
1 | Сынып сағаты : «Берік отбасы-адамның сенімді тірегі», |
| 07.09. | Смаилова Л.К |
2 | Отбасыға, оның салт-дәстүріне арналған бейне материалдар көрсету |
| 08.09. | Какжанова Ж.А |
3 | Кітап-сурет көрмесі «Мықты отбасы – мықты мемлекет» |
| 08.09. | Кітапханашы Смаилова Ш.А |
4 | «Ата-аналарға балалар туралы» шығармалар сайысы |
| 09.09. | Абишева А.К |
5 | Отбасының құндылықтары туралы дөңгелек үстел «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы» ата-аналар жиналысы |
| 09.09. | Акпаев Н.Е |
6 | Бейне суреттер сайысы «Менің отбасымдағы жазғы демалыс» |
| 10.09. | Есимсеитова Л.С |
7 | Сайыс «Мен және менің отбасым» |
| 11.09. | Карабаев С.Ж |
8 | Спорттық сайыс «Әке, ана, және мен - спорттық жанұя» |
| 11.09. | Мини-центр тәрбиешілер |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары_________Карабаев С.Ж
Ақсу негізгі мектебінде өткізілген «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасы мемлекетін қорғауға арналған апталықтың есебі
Апталықтың мақсаты отбасының қадір-қасиетін терең түсінуге жағдай жасау. Салт-дәстүрлеріне, ата-ананы құрметтеуге, әр түрлі істе ата-анамен бірге болуға дағдыландыру, тұлғалық тұғырларын жетілдіру.
07.09 күні Смаилова Л.К «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты.Берік отбасы дегеніміз қандай отбасы оқушылармен ой бөлісу және отбасы құндылықтары мен дәстүрлерін насихаттау.Оқушы бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.Отбасындағы сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сай өз ойларымен бөлісті.Берік отбасы деген ұғымды отбасындағы ауызбіршілік, сыйластық деп түсінетіндерін айтты.Отбасында ынтымақ бірлік болса,онда отбасы мүшелері арасында бір –біріне деген сенімдері арта түседі.Жанұяда өзара қамқорлыққа тәрбиеленеді.Мусина Гүлнар,Қажғали Айзат,Туленова Аяулым өз отбасылары жайлы, ондағы сыйластық туралы әңгімелеп берді. Отбасы берік болу үшін бір-бірлерімен әрдайым түсіністікте болулары қажет екенін түсінді.
08.09 күні Ақсу негізгі мектебінде «Отбасы бақыт мекені» атты отбасы мемлекетін қорғауға арналған апталықта бейнематериал 5-9 сынып оқушыларына көрсетілді. Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Ол- адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет ғұрып. Оның озық үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті.
08.09 күні Мектеп кітапханашысы Смаилова Ш.А ұйымдастыруымен «Мықты отбасы – мықты мемлекет» атты сурет көрмесі өтті. Отбасы құндылықтары туралы айтылып ,сұхбаттасты.

09.09 күні қазақ тілі пәні мұғалімі Абишева А.К ұйымдастыруымен «Ата-аналарға балалар туралы» атты шығармалар сайысы өтті. Бұл сайысқа 7,8,9 сынып оқушылары қатысты. І орынға ие болған Мусина Гауһар 7 сынып оқушысы.

09.09 күні отбасының құндылықтары туралы «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы» дөңгелек үстелді ата-аналармен бірге Ақпаев Н.Е өткізді.
10.09 күні «Менің отбасымдағы жазғы демалыс» тақырыбында бейне суреттер сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа көркем еңбек мұғалімі Есімсеитова Л.С жауапты болды. Сайыс соңында әдемі салынған суреттер номинация бойынша марапатталды.
11.09 күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Карабаев С.Ж «Мен және менің отбасым» атты спорттық сайыс ұйымдастырды. 5-9 сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, әр түрлі жаттығулар көрсетіп, жарысты.
11.09 күні «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Әке, ана және мен – спорттық жанұя»
спорттық сайыстар ұйымдастырды. Спорттық ойындар жазық далада, таза ауада өтті. Балалар ойынға қатты беріліп, уақытты жақсы өткізді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Карабаев С.Ж