Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ
Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастауымыз керек.
Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым.
Агенттік ұсынған реформалар нақты, іске асатын және ең бастысы, барлық мемлекеттік органдар үшін орындауға міндетті болуға тиіс.
Реформалар жөніндегі жоғары президенттік кеңес құрылады. Бұл кеңестің шешімдері түпкілікті болады. Тез өзгеріп жатқан ахуалға шынайы баға беру үшін Статистика комитеті Агенттік құрамына беріледі.
ІІ. ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек:
Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі.
Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.
Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу.
Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру.
Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту.
«Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау.
Мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу.
III. ТЕҢГЕРІМДІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймағының өнеркәсіптік әлеуетін барынша пайдалану керек. Осы өңірлерде еліміздің еңбек ресурсының жартысы шоғырланған. Сапалы жұмыс орындары бұл аймақтарды дамыту үшін өте өзекті.
Ірі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңірлерді дамытуға қатысты тың көзқарас керек. Бұл, ең алдымен, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына қатысты. Осы өңірлер жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететін өндірістің және техникалық қызмет көрсетудің орталығы бола алады.
Қазақстанның батыс өңірлері мұнай-химия кешендерін салып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік циклдарын құру үшін инвестиция тартатын орталыққа айналуға тиіс.
IV. АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты.
Нарық жағдайында тұрғын үйдің қолжетімділігі адамдардың табысына және осы міндетті өздігінен шеше алу қабілетіне орай жүзеге асады.
Өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.
Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе.
Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек.
Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн.
V. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ
Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет.
Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды.
Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек.
Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуді міндеттеймін.
Азаматтардың сауаттылығы мен цифрлы біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби дағдыларды сертификаттау мәселелерін қарастыру қажет.
Сонымен бірге біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн.
Кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға басымдық беріледі. Сол себепті «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылуы керек.
Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.
Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет.
«Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді.
VI. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі.
Үкіметтің алдында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау міндеті тұр. Бұл қызмет қалың жұртшылық, әсіресе ауыл тұрғындары үшін мейлінше жедел әрі қолжетімді болуға тиіс.
Шалғайдағы өңірлерге көлік арқылы дәрігерлік қызмет көрсету ісін қайта қалпына келтіру шараларын жүзеге асырған жөн. Денсаулық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы үш жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажет.
VII. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРКЕЛКІЛІКТІ ҚОРҒАУ
Бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді. Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн.
Ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамыту – маңызды міндетіміз.
VIII. ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА
Адам құқын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Мен үшін бұл мәселенің мәні зор.
Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанның азаматтары да интернеттегі ғайбаттаулардан қорғана алмай отыр. Бұдан ең алдымен балалар зардап шегуде. Олар интернет арқылы тараған қоқан-лоқының әсерінен қатты қиналады. Өкінішке қарай, соның салдарынан қайғылы жағдайға да ұшырап жатады. Азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді.
Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек. Атап айтқанда, Бала құқы жөніндегі конвенцияның хабарлау рәсіміне қатысты факультативтік хаттамасына қосылу қажет.
IX. ЦИФРЛАНДЫРУ – БАРЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек.
Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік органдар жеке куәлікті, дипломды, жүргізуші куәлігін электронды түрде қабылдауға тиіс.
Халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн.
Начнем с того, что изменим подходы к государственному управлению, кадровой политике, системе принятия решений и ответственности за их выполнение. Поэтому мною принято решение создать Агентство по стратегическому планированию и реформам с прямым подчинением Президенту. Разрабатываемые Агентством реформы должны быть конкретными, реалистичными и, самое главное, обязательными к исполнению всеми госорганами.
Создается Высший президентский совет по реформам, решения которого станут окончательными. Для большей объективности оценки быстро меняющейся ситуации в состав Агентства переводится Комитет по статистике.
II. ЭКОНОМИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ В НОВЫХ РЕАЛИЯХ
Новый экономический курс нашей страны должен базироваться на семи основных принципах:
III. СБАЛАНСИРОВАННОЕ ТЕРРИТОРИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ
Предстоит более активно раскрыть промышленный потенциал юга и юго-востока страны. Здесь сосредоточена половина трудовых ресурсов государства, качественные рабочие места критически важны для развития этих регионов.
Требуется новое видение развития регионов, где функционируют крупные металлургические предприятия. Это, в первую очередь, Восточно-Казахстанская, Карагандинская и Павлодарская области. Данные регионы могут стать центрами высокотехнологичных, наукоемких производств и технических услуг.
Западные регионы Казахстана должны стать центром притяжения инвестиций в строительство нефтехимических комплексов, создание новых производственных циклов высокого передела.
IV. СОЦИАЛЬНОЕ БЛАГОПОЛУЧИЕ ГРАЖДАН – ГЛАВНЫЙ ПРИОРИТЕТ
Социальное благополучие граждан неразрывно связано, прежде всего, с жилищным вопросом. В рыночных условиях доступность жилья для граждан основана на наличии доходов и способности самостоятельно решать эту задачу. В рамках моего поручения был проработан вопрос использования населением части своих пенсионных накоплений. Это особенно актуально сейчас. Гражданам с доходами, недостаточными для самостоятельного решения жилищных вопросов, будет оказываться эффективная социальная поддержка.
Предмет серьезной обеспокоенности – семейно-демографическая ситуация.
Особое внимание нужно уделить вопросам безопасности и охраны прав детей.
Нашему обществу предстоит изменить восприятие трудовых ценностей, научить молодое поколение ценить труд, не делить его на престижный и непрестижный.
V. ДОСТУПНОЕ И КАЧЕСТВЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Нужно срочно разработать единую образовательную онлайн-платформу с набором всех функций, необходимых для полноценного учебного процесса.
В то же время качественное образование подразумевает традиционные уроки, общение с учителями и сверстниками. Поэтому необходимо продумать порядок возврата к традиционной форме очного обучения с соблюдением эпидемиологических требований. Особенно это важно для школ.
Помимо решения насущных вопросов предстоит разработать и системные меры по обеспечению равенства возможностей для детей. Наши дети должны получать качественное образование вне зависимости от места проживания и языка обучения.
Нам нужно решить проблему всестороннего развития ребенка до поступления в школу. Ставлю задачу к 2025 году обеспечить 100-процентный охват детей до 6 лет дошкольным воспитанием и обучением.
В целях повышения уровня грамотности граждан, их цифровых знаний поручаю Правительству разработать Концепцию непрерывного образования. В этом документе нужно предусмотреть активное внедрение альтернативных вариантов неформального образования, признание результатов самостоятельного обучения, сертификацию профессиональных навыков.
Мы также должны переориентировать всю систему профессионального образования на формирование компетенций, востребованных на рынке труда. Ставка будет сделана на подготовку новой волны предпринимателей. Поэтому предмет «Основы предпринимательства» должен изучаться на всех уровнях образования – от школ до ВУЗов.
Необходимо обратить самое серьезное внимание на спортивный, творческий потенциал подрастающего поколения. Приоритет нужно отдать массовому спорту, физкультуре и, конечно, детям. В каждой области, крупных районных центрах следует открыть спортивные секции.
Требуется возобновить деятельность «детских кружков», где представители юного поколения могли бы постигать азы творчества и ремесленничества.
VI. РАЗВИТИЕ СИСТЕМЫ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
Вопросы лекарственного обеспечения решены, но нужно поставить на ноги отечественную фармацевтическую отрасль. Все базовые лекарства и медицинские изделия должны производиться в Казахстане. Это вопрос национальной безопасности.
Правительству предстоит кардинально пересмотреть подходы к организации первичной медицинской помощи. Она должна стать более мобильной и доступной широкому кругу населения, в том числе сельчанам.
Следует принять меры по возрождению транспортной медицины для отдаленных регионов. Чтобы создать эффективное сельское здравоохранение в течение трех лет понадобится обеспечить все сельские населенные пункты фельдшерско-акушерскими пунктами и врачебными амбулаториями.
VII. ЭКОЛОГИЯ И ЗАЩИТА БИОРАЗНООБРАЗИЯ
Разработан проект нового Экологического кодекса, призванный решить целый ряд системных проблем.
Необходимо уделить должное внимание экологическому воспитанию подрастающего поколения в школах и вузах. Экологическую акцию «Birge – taza Qazaqstan», призванную укрепить экологические ценности в обществе, следует проводить на систематической основе. Важная задача – активное развитие культуры экологического туризма внутри страны.
VIII. СПРАВЕДЛИВОЕ ГОСУДАРСТВО НА ЗАЩИТЕ ИНТЕРЕСОВ ГРАЖДАН
Критически важно принять новые меры по защите прав человека. Для меня эта проблема является приоритетной.
Как и весь мир, Казахстан тоже столкнулся с незащищенностью граждан от травли в интернете. В первую очередь от этого страдают дети. Они особенно остро воспринимают интернет-травлю, которая, к сожалению, приводит к печальным последствиям. Пришло время принять законодательные меры по защите граждан, особенно детей, от кибербуллинга.
Нужно усилить и другие меры по защите прав детей, в частности, присоединиться к Факультативному протоколу к Конвенции о правах ребенка, касающемуся процедуры сообщений.
IX. ЦИФРОВИЗАЦИЯ – БАЗОВЫЙ ЭЛЕМЕНТ ВСЕХ РЕФОРМ
Прежде всего, предстоит устранить цифровое неравенство, обеспечить максимальный доступ к интернету и качественной связи всех граждан. Дети из социально уязвимых семей должны быть обеспечены компьютерной техникой и качественным интернетом. Удостоверения личности, дипломы, права должны приниматься госорганами в электронном виде.
Для упрощения взаимодействия населения с электронными сервисами следует широко применять биометрию на уровне государственных услуг и в частном бизнесе.
Х. ГРАЖДАНСКОЕ УЧАСТИЕ В УПРАВЛЕНИИ ГОСУДАРСТВОМ
Предстоит реформировать практически все институты государственной власти. Основная цель преобразований – повышение эффективности функционирования всего государства.
Необходимо повысить статус органов местного самоуправления – сходов и собраний. Их мнение относительно актуальных проблем на местах должно учитываться районными маслихатами для принятия конкретных решений.
Надо создать единый легитимный институт онлайн-петиций для инициирования гражданами реформ и предложений.
ХІ. НОВОЕ КАЧЕСТВО НАЦИИ
Во-первых, поколение двадцать первого века должно быть глубоко образованным.
Во-вторых, необходимо приучать молодежь к неустанному труду.
В-третьих, правильно, когда в основе любого дела лежит профессионализм.
В-четвертых, железная дисциплина и высокая ответственность должны стать характерными чертами всех нас.
В-пятых, нельзя сворачивать с пути справедливости. Справедливость – важное условие развития общества. Справедливость имеет особое значение в судьбе страны и народа.
В-шестых, нам необходимо культивировать такие качества, как честность, бережливость, основательность. Все мы хотим видеть казахстанцев именно в таком образе. Только так мы сможем построить конкурентоспособное государство и создать интеллектуальную нацию.