Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қашықтықтан оқыту- жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.

Қашықтықтан оқыту- жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.
Біз кез - келген жаңалыққа дайын болу керекпіз . Себебі біз озық технология , тың идея мен жаңаша ақпараттың шарықтау кезеңіндеміз . Жаңаша ақпаратпен жаңаша білім беру заман талабы . Әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру – көптеген өзгерістер алып келуде . Ал өзгеріс – жаңа мүмкіндіктер кілті .
Әлемді дүр сілкіндірген індеттің ( короновирус ) таралуы әсіресе білім беру жүйесіне үлкен өзгерістер алып келді . Бұл өзгеріс оқушы мен мұғалім тіпті ата – ана үшін де оңай болған жоқ .
Заманның талабына қарай төселіп келеміз . Бастысы , интернет аман болсын . Ноутбукпен және қалта телефонымен кез – келген жерде қолайлы уақытта білім алуға болады .
Қазіргі уақытта Қазақстандағы білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып келеді . Компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін де пайдаланып келеміз . Жаңа жоба жаңа әдіс күн санап артуда . Жаңа күнге жаңа көзқараспен қарау өсіп өркендеудің белгісі . Жаңа мүмкіндіктерді игере келе қашықтықтан білім берудің тиімді тұстарына үйреніп келеміз .
Мысалы :
1. Уақытты үнемдеу
2. Интернетпен жұмыс жасауды толық меңгеру ( Әсіресе ауылдық жерлерде )
3. Ақпараттық технология коммуникация құралдарын тереңірек игеру
4. Ұстазға деген құрмет пен мейірімділікті арттыру
5. Ата - анамен бірлесіп жұмыс жасау
Қашықтықтан оқытудың да Технологияның тиімді жақтарын өзіндік ерекшеліктері бар . алға тартып , сан қырлы қиындықты қиынсынбай атқаратын оқытушының берер бағыты үлкен роль атқарары сөзсіз . Ұстаз үшін көкейкесті мәселенің бірі шәкіртінің білім өрісі болғандықтан , қашықтықтан қашықтамайық құрметті ұстаздар!
Кішкенекөл қазақ мектеп гимназиясының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надырова Акмарал Базарбаевна
6Ержан Каментиков, Rahat Qabylqaquly и ещё 4
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено