Туған жеріміздің және қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауды өзімізден, яғни отбасыдан бастауымызды қолға алу мақсатында Елордамыздың балабақша педагогтары арасында «ЭкоАсар - 2020» акциясы аясында «Туған үйім - Табиғат» атты ZOOM платформасы арқылы кешеніміздің әдіскері А.А.Кабланбекова вебинар өткізді. Вебинарға Нұр-Сұлтан қаласының 14 балабақша педагогтары қатысып, өз ойларымен бөлісіп, балабақша тәрбиеленушілерімен және ата-аналармен тұрмыстық қалдықтарды дұрыс қалай сұрыптау керектігі жөнінде өз іс-тәжірибесімен бөлісті.