Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп - қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт. Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн. «Өрттен сақ болайық, балақай » атты Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Байқоңыр ауданы ТЖБ аға инженеры Жумабеков Аслан Мейрамович балалармен түсіндірме жұмыс жүргізді. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандырды.