Бірлігі жарасқан Қазақстанымыз талай күнді артқа тастап, қазіргі уақытта қарқынды даму үстінде. Ел ішіндегі ынтымақтастығымызбен, елбасы құрған салиқалы саясатымызбен, дамыған экономикамызбен өзге елдерге үлгі бола білдік. Бізге келген тәуелсіздігіміз - баға жетпес қазынамыз. Осы қасиетті құндылығымызды сақтайтын күш бар. Ол күш — бірлік деп аталады. Ең бақытты ел — ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқан ел. Сондықтан біз нағыз бақытты елміз! 7-14 желтоқсан аралығында Новоишим қазақ орта мектебінің даярлық тобының тәрбиеленушілері «Мен бейбітшілік аспанның аясында өмір сүремін» онлайн-сурет байқауына қатысты.