Ақсу негізгі мектебінде 26 қарашада даярлық тобының тәрбиеленушілерімен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы » атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатында балаларға Тұңғыш Президентіміз туралы әңгімелеп, өмірбаяны мен таныстырып, «Отан» туралы өлең жолдарын оқыды. Тәрбиешілер Клышбаев З.Ж мен Хамитова А.А балаларға суреттер салуға бағыт берді.
