Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады
Жакупова Умутай Акимбаевна Қазақ мектеп-гимназиясының педагог-зерттеуші санатындағы ІІ деңгейлі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Облыстық «Үздік педагог-2018», «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы. Оқушылардың жарқын болашаққа қол жеткізуі жолында адал еңбек етіп, аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздардың бірі. Ұстаздық қызметінде адалдық пен адамдық, шынайылық пен еңбекқорлық қағидаттарын ұстанып, әр баланың түсінік – танымына өзінше жол тауып, ұстаздық көмегін көрсетіп жүрген шебер әдіскер, талапшыл мұғалім. Әсіресе оқушы тәрбиесінде отаншылдық пен ар-намысты жоғары қоя отырып, оларды азаматтыққа, ұлтжандылыққа, «адам боп қалудың» мұраттарына тәрбиелеуді басты ұстаздық ұстанымы деп таниды. Өз қызметінде халықтық тәлім-тәрбие мен қазіргі педагогикалық оқыту және тәрбиелеу ұстанымдарын шебер үйлестіріп жүр.
Өз мамандығы бойынша теориялық білімі мен тәжірибені шебер ұштастыра ала білетін тәжірибелі ұстаздардың қатарында. Өз тәжірибесінде шығармашылық, танымдық әрекет арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі өзгертуіне бағытталған жұмыстарды басты мақсат деп санайды.
Мұғалім облыстық, республикалық семинар, конференцияларға қатысу арқылы өзін кәсіби тұрғыдан шыңдап отырады. Атап айтқанда, «Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – тілдік құзіреттілікті көтеру факторы» облыстық семинарға және «Қалыптастырушы бағалау-оқыту сапасын арттырудың тиімді жолы» республикалық семинарға қатысып тәжірибе бөлісті. Оқушылары облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Умутай Акимбаевна «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығымен үнемі байланыста болып, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, кәсіби тұрғыдан дамуды да басты талаптардың бірі деп санайды. Жыл сайын оқушыларын пәндік олимпиадаға сапалы дайындайды, облыстық кезеңдерде жүлделі орындары бар.