Тайынша қаласындағы № 5 орта мектебінде Солтүстік Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Б.К. Ахметова білім саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша мектеп директорларымен семинар өткізді.
Қатысушылар ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 бірлескен бұйрығымен бекітілген білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарына енгізілген өзгертулермен таныстырылды.
Семинар соңында басшылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.