Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ұстазға арналған алғыс хат мәтіні

Ұстазға арналған алғыс хат мәтіні

Міне, жадырап қыс өтіп, көктем де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ құстардың үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, қуанышты сәттерімен елестетеді. Көктеммен қатарлас келетін Алғыс күні де көктемнің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, ризашылық пен алғыстың асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. 
Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді Алғыс айту мерекелесімен шын жүректен құттықтаймыз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено