"Біз біргеміз, берік іргеміз!" атты психологиялық тренинг өткізілді.
🌹🌹🌹 Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі. Кристофер Якоб Бустрём
🌹Мұғалімдердің психо-эмоционалды күйзелісінің алдын-алу мақсатында "Біз біргеміз, берік іргеміз!" атты психологиялық тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.
🌹Кешен ұстаздары психологиялық тренингке жоғары қызығушылықпен қатысып, жақсы әсер алды. Педагогтар релаксациялық сәттер мен белсенділікті арттыратын ойындарда балалық шақтарына қайта барып келгендей болғандарын рефлексия кезеңінде әріптестерімен бөлісті.