18 наурыз - Игі істер күні. Бұл күні әр адам мүмкіндігінше бір игі іс жасайды, еріктілердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Әрбір отбасы садақа беріп, ата-бабаларды еске алып, жеті шелпек таратады. Сонымен қатар, меценаттар әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға, жөндеуге қатысады. Бұл күні жергілікті әкімдіктер түрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді, мысалы, «жылу» дәстүрін қолдау.