Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында ертеңгіліктер өтті. Іс-шара барысында мереке туралы жалпы түсінік беріліп, қазақтың ұлттық ойындары көрсетілді. Қыздарымыз «Шашбау» биін билеп, өлеңдер айтты. Мереке балалардың көнілдерінен шықты.