Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы халық өзін-өзі тәрбиелеп, стандарттап отырады. Олар қоғамның, отбасының барлық саласында көрініс табады. Дәстүріміз бұзылса, онда қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бағытында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушылары сынып жетекшілері М.М. Жахина және А.Т. Смагулованың жетекшілігімен «Сырға салу» дәстүрін дайындады.