Меню KDT

Новости

Главная Новости

Шымырлық пен шеберлік күні

Шымырлық пен шеберлік күні
Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады.
Ләңгі тебу, асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен бала денсаулығына өте пайдалы. Баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.
Әлемдік деңгейде шахматпен терезесі тең тұрған ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Аталған логикалық ойын адамның ойлау жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосады.
Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз. Наурыз айында Ұлттық спортты қолдайық!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено