Мектеп директорының бұйрығымен 2021 жылдың 26 мамырынан 19 маусымына дейін біздің мектепте жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Жазғы мектептің мақсаты: оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою. Білім кесінділерінің нәтижелері бойынша және БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша ата-аналарға балалардың жазғы мектепке баруы және өз білімдерін көтеруі үшін ұсыныстар берілді. 5-10 сынып аралығындағы оқушылардың ата-аналарынан 257 өтініш жиналды.
Балалар үшін сабақ кестесі жасалып, мектеп директорымен бекітілді.
Пән мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрды.Мектепте санитарлық режим сақталады!