< 25 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні> Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі-ұлттық ойындар. Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі- асық ойыны. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі.