Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Осыған орай "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ 4 сынып оқушыларымен "Алдымызда 5 сынып" деген тақырыппен мектеп психологі Сердалина Т.Б сабақ-тренинг өткізді. Сабақ барысында оқушыларға 5 сыныптың ерекшеліктері, болуы мүмкін қиындықтар және оларды тезірек жеңуге арналған кеңестер ұсынылды.