2021 жылдың 26 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достықтың дархан ұясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.