Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жандыра түседі. «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында мамыр айының 5 күні “Ұранды елдің - ұрпағы қайсар” әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау. #Руханижаңғыру #патриоттықәндер