Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Қарлығаш» мектепішілік лагерьдің салтанатты ашылуы

1-маусым. Новоишим қазақ орта мектебінде «Қарлығаш» мектепішілік лагерьдің салтанатты ашылуы мен 1-маусым-Балаларды қорғау күні мерекесіне арналған біріктіріліп іс-шара өтті. Бұл іс-шара «Кариб теңізінің қарақшылары» атты тақырыбында ұйымдастырылды.

2-маусым. «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясында «Достық деген не?» тақырыбында постер жасады. Балалар постер арқылы дос, достық сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіріп берді. Өздерінің достары туралы айтып берді және достармен бірге әртүрлі ойындар ойнады.

3-маусым. «Оқуға құштар мектеп» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын негізінде «Оқырман мектеп» жобасы аясында Ыбырай Алтынсариннің «Кел,балалар, оқылық!» өлеңін тақырып аясында алынып, балалар әдеби кітаптар оқыды. Бұл жұмыста балаларға «Тізбектеп оқу» әдісі қолданылды, себебі шығарманы тізбектей оқып, бір-бірін тыңдап және жақсы оқуға тырысады.

4-маусым. 4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. мектеп жанындағы жазғы лагерде мемлекеттік рәміздерге арналған іс-шаралар өткізілді, оның барысында балалар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады викториналарға қатысып, асфальтқа суреттер салды.

7-маусым. Ден­сау­лық–тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы дей келе, «Кім боламын?» мамандық таңдау бойынша видео көрсетілді. Дәрігер мамандығы бойынша әңгіме жүргізілді. Балалар өздеріне ұнайтын мамандықтар туралы жарыса айтып өтті. Мамандықтар бойынша жұмбақтар шешті. Басқа да жарыстар ұйымдастырылды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено