2021 –ші жылдың 1 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Білім күнін мерекелеу аясында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 2-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған « Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. 1 сынып оқушылары үшін « Кел балалар, оқылық!» салтанатты жиын өтті. Ертегі кейіпкерлері бірінші сынып оқушыларына алғашқы «Әліппе» оқулығын сыйға тартты.