Психологиялық денсаулықты нығайту онкүндігі аясында рухани байлығымызды нығайтып,көңіл көтеруге бағытталған бастауыш сыныптар үшін " Берекелі, Алтын күз" мерекесі күзгі бақта өтті.Табиғаттың тамаша күнінде күздің берер сыйы, мол ырысы туралы 1"А" сынып оқушысы Калиев Мұрат керемет мәнерлесе, 2"А", 2"Б" сынып оқушылары күз тақырыбына арналған әндер орындады.3 сынып оқушылары флешмоб билеп көңіл көтерсе, 4сынып оқушылары күзгі тосынсыйларын тарту етті. Сынып оқушылары арасында "Жеміс пен көкөністер", "Қылқалам шебері", "Шырша жаңғағын тап" атты ойындар ойнатылды, іс-шара соңында тәтті сыйлықтар табысталды.